Жазылған жайдың жаңғырығы
Газетiмiздiң өткен сандарында жарияланған («Жас Алаш» №17 (16099) 1 наурыз, сейсенбi 2016) “Казактар Қазақстан Конституциясын өзгертудi талап етпек пе?” атты мақала бiраз мәселенiң бетiн ашты. Бiрiншiден, Олжас Сүлейменовтiң тiлдердiң қолданылуына қатысты атышулы мәлiмдемесi мақалаға арқау болған Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының Үйлестiру кеңесiнiң есеп беру-сайлау съезiнде айтылыпты. Екiншiден, және бұл ең маңыздысы, Қазақстандағы ең танымал орыс, казак және славян ұйымдарының жетекшiлерi бұл съезден де, ондағы мәлiмдемеден де ат-тондарын ала қашты. “Русская община Казахстана” деп аталатын қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Юрий Бунаков пен өзiн Жетiсу казактары одағының атаманы ретiнде таныстырған Владимир Шихотов редакциямызға келiп, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгертудi талап еткен съездiң жұмысын заңсыз, ал оны ұйымдастырған Юрий Захаровты қазақтар мен орыстардың арасына “от салушы” деп атады. Бiз жазылған жайдың жаңғырығы есебiнде екi азаматтың пiкiрiн ықшамдап берiп отырмыз.
Юрий Бунаков, “Русская община Казахстана” ҚБ төрағасы:
– Өкiнiшке қарай, сiздiң мақалаңызда осының бәрiн былықтырған адамның аты-жөнi аталмайды. Ал оның есiмi – Юрий Захаров. Жиынында даулы мәлiмдеме жасалған Үйлестiру кеңесi 10 жыл бұрын өзiм басқаратын Қазақстандағы орыстардың қауымдастығының бастамасымен “Лад”, казактар одағы секiлдi ұйымдардың қолдауымен құрылған. Және оның жарғысында ешқандай съезд өткiзу туралы сөз жоқ. 2013 жылы “Русская община Казахстана” ұйымының кеңесi Юрий Захаров басқаратын үйлестiру кеңесiнен шығу туралы шешiм қабылдады. Яғни, 3 жыл бұрын бұл кеңес iс жүзiнде жойылды. “Лад” славян қозғалысы да, казактар ұйымдары да бұл кеңеспен ат құйрықтарын кесiстi. Сонда ол кеңестiң заңсыз съезiне кiмдердiң қатысқаны түсiнiксiз. Бiздiң атымыздан қандай да бiр мәлiмдеме жасауға оған ешкiм құқық берген жоқ.
Захаровтың өзi бiрқатар жақтаушысымен бiрге 2004 жылы Қазақстандағы орыстар қауымдастығынан қуылған болатын. Өйткенi бұл адам 2002 жылы “Единая Россия” партиясы “Русская община Казахстана” қоғамдық бiрлестiгiне сатып әперген бұрынғы балабақша ғимаратын алаяқтық жолмен сатып жiберiп, 289 млн теңгенi қалтасына басқан. Юрий Захаров бiздiң сенiмiмiздi пайдаланып, қауымдастықтағы жалғыз “Благовесть” қоғамдық қорының президентi болған кезiнде ұйымның қаржысын қарақан басына жұмсап келген. Жалпы алғанда ол қордың 400 млн теңгеден астам ақшасын қолды қылды деп санаймыз. Оған бiздiң дәлелдерiмiз жеткiлiктi. Және айғақтарымызды қаржы полициясы, прокуратура секiлдi құзырлы органдарға жолдап жүрмiз. Бiрақ алдау, арбау сияқты кез келген арам жолмен баюды көздеген бұл адамды осы күнге дейiн қылмыстық жауапқа тарта алмай отырмыз. Бұл адам осы күнге дейiн түрлi орыс, казак қоғамдарын құрып, жетекшiлiк ету арқылы оларды жеке басының мүддесiне пайдаланып келедi. Ол барлық жерде президентпен бiрге түскен суретiн көрсетiп, оған жақындығын айтып, шенеунiктердi қорқытады. Сөйтедi де, орыстар мен қазақтарды қырқыстыру үшiн осындай арандатушылықтарға барады. Захаров Ресейдегi казактарға Ресей мемлекетiнен казактарды қырғаны үшiн 5 млрд долларды талап етудi ұсынған. Қайталап айтамын, Юрий Захаровтың басқаруындағы үйлестiру кеңесi дейтiн ұйымның арандатушылық мәлiмдемесiне Қазақстандағы ресми тiркелген орыс, казак, славян ұйымдарының еш қатысы жоқ.
Владимир Шихотов, Жетiсу казактары Одағының жетекшiсi:
– Мен үш жарым жылдай Қазақстан казактары ұйымдарының одағында Захаровтың орынбасары болдым. Ешқандай заңды негiзi болмаса да, ол өзiн казактардың жоғарғы атаманы деп атайды. Өзiн казактардың генералы ретiнде таныстырып, генерал кителiн киедi. Ал мұндай атақты Қазақстан казактарының Құрметтi жоғарғы атаманы - президент Нұрсұлтан Назарбаев қана бере алады. Бұл адам АҚШ-та өткен ресейлiк отандастардың 4-шi форумында президент Назарбаевтың атынан сөйлеген сөзiнде Қазақстанның тәуелсiздiгiне он-он бес жыл қалғанын, одан кейiн тек қазақ-қытай шекарасының орнына Ресей- Қытай шекарасы болатынын, бәрiмiздiң қытай тiлiнде сөйлейтiнiмiздi айтқан. Ол Алматы әкiмдiгi 49 жылға жалға берген казактар басқармасының ғимаратына АҚШ-тың туын iлiп қойды. Ол жердi iшiмдiк сататын мейрамханасы бар жеке бизнесiне айналдырды. Бiз бұған қарсы шығып, оны ұйымнан шығарған кезiмiзде және оның қызметiне байланысты ревизиялық комиссия жұмысын бастамақ болғанымызда Захаров бәрiн бiр шешiммен ұйымнан шығарып, өзiн заңсыз түрде, ешкiмнiң келiсiмiнсiз қайта сайлап алды. Менiң заңды түрде бiрауыздан сайланғаныма қарамастан, 2012 жылы ол өзiн Жетiсу казактары одағының атаманы, ол аз десеңiз, өзiн құдайдың қалауымен болған Қазақстандағы казактар халқының билеушiсi ретiнде атады. Мұның бәрiн ол казактар ұйымына тиесiлi дүние-мүлiктi жеке басына пайдалану үшiн ғана жасап отыр.
2012 жылы казактардың ұйымдары президент әкiмшiлiгiне Захаровты ұлтаралық араздық қоздырғаны, түрлi соғыспен елдiң үрейiн алғаны, казактар қоғамының дүниесiн жеке басына пайдаланғаны үшiн Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесiндегi мүшелiгiн тоқтатуды сұрап хат жазды. Бас прокуратураға мәселенiң мән-жайын зерттеу туралы тапсырма берiлгенiмен, бұл адамның осы күнге дейiн жазасыз сайрандап жүргенiне және әрi қарай арандатуын жалғастырып жатқанына таңданамыз. Ұлтаралық араздықпен елдi арандатушы адам Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше болуға лайықсыз және көптеген iстерi үшiн жауапқа тартылуы керек деп санаймыз.
Сөз соңында айтарымыз:
Юрий Захаровтың жақында қылмыстық топ құрды деген айыппен тұтқындалған ресейшiл көзқарасымен танымал Тоқтар Төлешовпен әрiптес болғаны да белгiлi болды. Ол басқаратын үйлестiру кеңесiнiң Қазақстан мен қазақ тiлiне қатысты арандатушы қарары туралы Олжас Сүлейменовтiң не хабары бар? Көкейiмiзде тұрған сауал – онсыз да шулы iстерiмен танылған арандатушымен Олжас Омарұлын не нәрсе байланыстырады екен?
Дәнеш Ұзақ
Шихотов Владимир Семёнович
E-mail: info@7rek.kz
Telefon: +77017668943, +77077668943
Своими основными задачами сайт «Союз Казаков Семиречья» видит:
- поддержание мира и межнационального согласия в Республике Казахстан;
- формирование в Казахстане справедливых, межэтнических взаимоотношений, учитывающих своеобразие и уникальность всех взаимодействующих этносов;
- объединение всех казачьих общин Казахстана и формирование единой этнической казачьей общественной организации, «встроенной» в социум современного Казахстана и основанной на патриотизме и любви к «малой» и «большой» Родине, на традиционных православных ценностях и казачьей идеологии;
- стимулирование взаимовыгодных интеграционных процессов между Россией, Казахстаном и другими странами СНГ в экономической, политической и особенно в культурно-информационной сферах.
Поддержка сайта
ИА Результат